Қазақстан аймақтарында қайтадан күн жылынады

86

“Қазгидромет” РМК ақпаратына сәйкес, күздің алғашқы айы аяқталуда, бірақ жазғы жылу Қазақстанның кейбір аудандарында сақталып тұр. Қазіргі таңда республиканың батыс өңірінде ауа температурасы +26-30 градусты көрсетуде деп хабарлайды AlmatyNews.

Синоптиктердің болжамынша, батыста жылы ауа райы алдағы үш күн бойы сақталады. Ал шығыстағы таулы аудандарда түнде жауын-шашынды, кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде. Сынап бағанасы 3-8º көрсетеді.

29 қыркүйек күні Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде сынап бағанасы +2-4 градусты, ал күндіз +11-13 градусты көрсетеді. Сәрсенбі, 30 қыркүйекте ауа температурасы +20 градусқа дейін, ал бейсенбіде +21 градусқа дейін көтеріледі.

Intellicast.com ақпаратына сүйенсек, жұма күні Алматыда +25, түнде +9 градус жылы болады.

Сенбі күні күндіз +26 градус, ал түнде +11 градус жылыны көрсетеді.

Ал жексенбі күні ауа райы қайта суыта бастайды: күндіз +24 градус болса, түнде +9 градус нөлден жоғары.

Comments are closed.