- Advertisement -

Қазақстандықтарға ДСҰ-ға кіргеннен кейін тауарлар бағасының төмендеуін күтудің қажеті жоқ

78

- Advertisement -

Экономист, Ауылшаруашылық министрінің бұрынғы орынбасары Марат Төлібаев Қазақстан 2016 жылдың қаңтарында ДСҰ-ға кіргеннен кейін тауарлардың бағасы өзгеруі екіталай екенін мәлімдеді. Дегенмен уақыт өте келе экспорттық тауарлар бағасы төмендеуі де мүмкін.

Маманның сөздеріне сәйкес, бағаның күрт өзгеруін күтудің қажеті жоқ. Себебі бастапқыда өзгерген сауда заңдылықтарын түсіну үшін саудагерлердің өзіне біраз уақыт қажет. Мұнымен қоса, Төлібаев Қазақстанда ДСҰ-ның кей заңдылықтары тек бірнеше жылдан кейін ғана күшіне енетінін алға тартты.

Ол кеден бажына өзгерістер енгізетін тауарлар тізімінде 3,5 мыңнан астам атаулар кездесетінін, оның ішінде ет, сүт өнімдері және кәмпиттер барын айтты.

«Ауылшаруашылық өнімі импорт көлемінің 10,5%-ын ғана алатынын есте сақтаған жөн. Оның ішінде алыс шетелден келетіндері – 7,2%. Көліктер, құрылғылар мен аппаттар импорттың 50%-ын құрайды. Сол себепті баж салығын төмендету бірінші кезекте біздің өндіріске әсер етеді деп ойлаймын», – дейді Төлібаев.

Экономистің пікірінше, теңгені еркімен жіберудің ДСҰ-ға кірумен еш байланысы жоқ. Сол себепті оны отандық өндірушілер шетелдік бәсекелестерден қорғану амалы ретінде қарастыра алмайды. Инфляциялық таргеттеудің өзгеруі – бұл мұнай бағасының төмендеуінен туындаған салдары деп санайды маман.

Төлібаевтың айтуынша, ДСҰ-ға кіру Қазақстан үшін мемлекет ретінде бірінші кезекте саяси жеңіс болды. Бұл қадам арқылы қазақстандық өндірушілерге қандай да бір тиімділіктерге жол ашу қарастырылмаған дейді сарапшы.

Төлібаев Қазақстанда импорттық азық-түліктер үлесі көбейетінін растады. Бұған ДСҰ-ның біздің елден алатын кедендік баж салығының, ветеринарлық, санитариялық кедергілердің төмендеуі сияқты жеңілдіктері септік болады.

«ДСҰ-ға кіру фактісі елімізде бензин тапшылығын да, оған деген бағаның өсуін де тудыра қоймайды. Бензин өндіруші ел – Қазақстанда бензин бағасы көрші елдерден жоғары болмайды», – дейді экономист.

Төлібаев қазақстандықтарға ДСҰ-ға кіргеннен кейін тауарлардың бағасы төмендеуін күтудің қажеті жоқ екенін ескертті. Егер әлемде баға өссе, Қазақстанда да өсетін болады. Экономистің пікірінше, бұл жағдайда үкімет халыққа қолдау көрсету үшін бағаны тұрақты ұстаймыз деп нарықпен күреске шыққанша, жағдайы төмендерге жәрдемақыны көбейтуі керек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support