Қуып барып,«жуып» келді...
Қуып барып,«жуып» келді...
– Қарындасыңды алып кетті, Мұнда аяқ-киімі қалып кетті. Артынан қуып барып кел, Еріксіз болса, алып кел, – Деп шешесі шырылдады, Баласы төсекте пырылдады. – Апа, қашан қай күні әкетті? – Ойбай, не дейді мынау, екі күн өтті. – Масқара-ау, одан бері не ғып жүрсіз, Күтейік енді өл-тірісін. – Өлтірісі кеше келіп қойды, Бір қойды әкеп беріп қойды. Сен жылдамдатып барып кел, Қалың малын алып кел. * * * Қарындасын ағасы «қуып» келді, Айы оңынан туып келді. Ашуын былай сырып келді, «Бай жерге барыпты» – деп «жуып» келді.
Шубай Күленбаев
Тараз қаласы.