Әкемде де Құнаңбайдын байлығы жоқ
Әкемде де Құнаңбайдын байлығы жоқ
Қызылордалық айтыскер Мұхтар Ниязовқа бір айтыста қарсыласы «Болмасаң да ұқсап бақ деп жырлаған, Мұхтар сенің Абайдан қай жерің кем?» – деп тиіседі. Сонда Мұхтар: – Абай құсап жүрмеймін әйгілі боп, Ол тұлпар мінген кезде тай мініп ек. Өзімде де Абайдың ақылы жоқ, Әкемде де Құнанбайдың байлығы жоқ, – деген екен.