- Advertisement -

Басейн (әзіл әнгіме)

122

- Advertisement -

Бір демалыста Шымкент жақтағы достарымыз қонаққа шақырып, жақсы демалып қайттық. Қораз шақырған таңмен таласа тұрып, Тараз бен Шымкенттің ортасындағы Түлкібастағы қайынжұртқа балаларды тастап, қонаққа келіншегім екеуміз ғана барғанбыз. Достарымыз дастарханды қала шетіндегі демалыс аймағына жайған екен. Жап-жақсы жер, бірақ, бассейндегі суды көптен беру ауыстырмаған-ау деймін. Судың ластау екені көрініп тұр. Амал жоқ, шомылдық. Жиіркеніп, суға түспейін десең, ақкөңіл досым ренжитін сияқты боп көрінді. Олар да бұлай болады деп ойламаған ғой.
Түнделетіп Түлкібасқа қайттық. Елдің бәрі жатып қалған. Ешкімді оятпай-ақ, көк қақпаның есігін өзіміз аша салайық дегенбіз. Болмады. Қайнымды тұрғызуға тура келді. Ұйқылы-ояу қайным есікті ашты да, қайтадан төсегіне зытты. Ұйқысын қимағаны ғой… Біз де жетісіп тұрған жоқпыз. Көзіміз қайта-қайта ілініп, аяғымыздан әрең тұрмыз. Бірақ менің құдай бере салған келіншегім алған бетінен қайтпайтын адам ғой. «Бассейннің суынан жиіркеніп келемін, үйге барған соң міндетті түрде жуынып алуымыз керек» деген болатын жолда. «Менің үстім кеуіп қалды, таңертең жуынамын» деп едім, «Ақ төсекке осы түріңмен қалай жатасың?..» деп болмады…
Сонымен аяғымыздың ұшымен қимылдап жүріп, ауладағы асхананың есігін ашып, газ жағып, су жылытпақ болдық. Мұндай кезде іздеген затың табыла қоймай, дымыңды құртады ғой. Қабырғаны сипалап жүріп, жарық жаққышқа әрең қол жеткіздік. Одан суды молырақ құятын кәстрөлді іздедік пе? Шегеде ілулі тұрған ескі кәстөмнің қалтасын тінтіп жүріп, сіріңкені таптық. Шелекте жартылай су бар екен. Екеумізге жетпейді. Ауладағы ауыз су құбырының тетігін бұрап едім, бір-екі мәрте кекіріп-кекіріп жіберді де ысылдап тұра қалды. Бірақ су аққан жоқ. «Ой, әкесінің аузын… Колонкада су жоқ. Ертең жуынамыз. Осылай-ақ жата берейік» деп, қолды бір сілтеп едім. Келіншегім колонканың басынан бір шелек су тауып келді. Сөйтсем, үйдегілер су бар кезде сол жердегі 2-3 шелекке құйып, бетін жауып қояды екен. Қалай көрмегенмін?
Қойшы, сонымен, кәстрөлге су құйып, отты жағып, енді ысығанын күтіп отырмыз. Мұндай кезде уақыт өтпейді ғой. Бұрын бір шәугім су лезде қайнап қалушы еді, мынаның түбіне тас түскен бе, ең болмаса ызылдамайды ғой, шіркін… Қайта-қайта көзім ілініп, қалғып кете беремін. Келіншегім де әрең отыр. Сағат түнгі үшке жақындады. Жарты сағатта ма, жоқ, жиырма минөтте ме, әйтеуір, кәстрөл тола су әрең ысыды-ау… Гүлнар шелекке құйып беріп: «Моншаға кіріп, үстіңе құйып, тез-тез жуынып ал…» деген соң, ауланың ана басындағы ескі тамға қарай жүгірдім.
Барып, моншаның есігін ашып қалсам: Масқара!!! Монша ысып, қабырғалары бырш-бырш терлеп тұр. Сөйтсем, соның алдында ғана үйдегілер монша жағып, түсіп алған екен. Оты әлі басылмаған, бөшкесіндегі суы да суымапты. Қайтып шықтым да аулада қалғып-мүлгіп отырған Гүлнардың басына шелектегі суды ақтара салдым. Әй, түн ішінде жан даусы шықты-ау… Басында Гүлнарға «Моншада суық су бар шығар, соған түсе салайық та…» деп айтқанмын… Тыңдамайды ғой, тыңдамайды…
Енді не болды? Ақыры түн ішінде үйдегілердің бәрін оятып алдық…

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support