Денсаулық

Париждіктер бір күн бойы көліктен бас тартты

Париждіктер бір күн бойы көліктен бас тартты

pogudx670kd3e6kii.fd85002527 қыркүйекте Париж автокөліктен бас тартты, деп хабарлады focus.ua.

Франция астанасында қозғалыс жедел жәрдем, өрт сөндіру, такси және электромобильдерге ғана рұқсат етілді, деп хабарлады Facebook.

Ал мотокөлікпен жүргісі келетіндер жылдамдықты сағатына 20 шақырымнан асырмауға тиіс болды. Машиналардың орталық көшелерге кіруіне тыйым салынды. Олардың орнын жаяу адамдар мен велосипедшілер басты. Мұндай шектеу партиждік көшелердің төрттен бірін қамтыды.

Бұл акцияның мақсаты – ауаның ластануымен күрес. Парижде зиянды қалдықтардың деңгейі Шанхайдан да асып кетті.

Енді екі айдан кейін Парижде климаттың өзгеруіне арналған жаһандық саммит өтеді. Сондықтан да Париж мэрі Анн Идальго мегаполис жеке машинасыз да жұмыс жасай алатынын көрсетпек болды.