- Advertisement -

«Қазақ болып қалыптасқан ғасырлар»

134

- Advertisement -

Атты жаңа кітап жарық көрді

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Ақпарат және талдау» орталығы Қазақ хандығының 550 жылдығы тойына «Қазақ болып қалыптасқан ғасырлар» атты кітапты тарту ретінде ұсынып отыр. Бұл жинаққа негізінен республикаға белгілі ғалымдар мен қаламгерлердің хандық дәуір қарсаңындағы тарихи жағдайларға, Керей мен Жәнібек сұлтандар көшінің себеп-салдарына қатысты және көшпелі қазақ қоғамының құрылымын, құқықтық негіздерін, салт-дәстүрі мен ұлттық мінез-құлқын, дінін, ділін, наным-сенімдерін, шаруашылығын, әдебиетін, тағы басқа ерекшеліктерін ашатын ғылыми, ғылыми – көпшілік және публицистикалық мақалалары топтастырылған. 

Көпшілікке арналған кітаптың алғашқы бетінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен оймақтай ой берілген: «Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан – сол бабалардың заңды мұрагері… Көк түріктер мен Алтын Орданың айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы – біздің елдігіміздің түп-тамыры… Ұланғайыр жері бар, ұлы мұратты Елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым – Ұлы халық! Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек. Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – ортақ парыз».
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев «Қазақ болып қалыптасқан ғасырлар» кітабының шығуына еңбек сіңірген ғалымдарға ризашылығы да осы кітаптың алғысөзінде көрініс тапқан. Жинақтың жарық көруіне ақыл-кеңестерін айтып, құрастыруға көмектескен, мақалалар жазған Б.Көмеков, М.Мырзахметұлы, М.Әбусейітова, У.Қалижан, Қ.Салғарин, Н.Әлімбай, Н.Уәли, Б.Кәрібаев және басқа да республикаға белгілі ғалымдарға оқырмандар атынан алғысымызды айтамыз.

Қанат Тілепберген, 
«Ақ-жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support