- Advertisement -

Журналист, ақын жүлдемен оралды

114

- Advertisement -

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқы тілдері күніне орай Астана қаласы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Тарих пен тіл тамырлас» атты республикалық жабық жыр мүшәйрасын өткізген еді. Еліміздің барлық аймағынан 50-ге жуық үміткер қатысқан мүшәйраның екінші кезеңіне 10 ақын ғана өтті. Бұл жыр бәйгесіне 14-29 жас аралығындағы жас ақындар қатысты. Алмас Темірбай, Жанат Әскербекқызы, Дәулеткерей Кәпұлы секілді әдебиеттің белгілі өкілдері бағалаған мүшәйрадан жүлде алу кім-кімге де оңай соққан жоқ. Осы жыр бәйгесіне әріптесіміз, газетіміздің «Саясат» бөлімінің тілшісі Наурызбек Сарша «Қарт даламен тілдесу» толғау-дастанымен («Наркескен» деген жасырын атпен) қатысқан болатын. Жақында осы жабық мүшәйраның қорытындысы шықты. Мүшәйра жеңімпазы – астаналық жас ақын Әлімжан Әлішер. Әріптесіміз Наурызбек Сарша 50 үміткердің ішінен үздік шығып, жүлделі екінші орынды иеленіп, Астана қаласы әкімінің арнайы дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Біз ақын әріптесімізді тарихи той қарсаңындағы жүлдесімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

«Ақжолдықтар».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support