- Advertisement -

Фредди неге екі сөйлейді?

116

- Advertisement -

Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч бұрын Головкинді
«қатардағы боксшы» санаса, енді мықты екенін мойындап отыр

Кәсіпқой рингте талай мықты боксшыны тәрбиелеген, бүгінде Мэнни Пакьяо мен Мигел Котто сынды бокс әлемінің жұлдыздарын жаттықтыратын Фредди Роуч ілгеріде: «Геннадий Головкин сіздер ойлағандай мықты боксшы емес. Керемет соққыға бола оны нағыз боксшы деу қиын. Головкиннің қорғанысы әлсіз» деп «біртүрлі» пікір білдірген болса, енді: «Геннадий Головкин – нағыз боксшы. Ол ерекше құбылыс. Геннадий рингтегі жағдайды керемет бақылауда ұстайды. Бұрыштарды тамаша кесе біледі. Одан бөлек соққысы мығым панчер. Головкинмен шайқасу ешкімге оңайға соқпайды. Бәлкім бұл жігіт Леонард Шугар Рей мен Томми Хирнстің дәуірінде жұдырықтасқанда ортаңқолдар қатарында жүрер ме еді, әлде олардан асып түсер ме еді, оны білмеймін. Бірақ, қазір орта салмақта шын мықтылар аз. Мигель Коттомен кездесуде екеуінің қайсысы мықты екені белгілі болады. Мен қазір оның бокстасу мәнерін зерттеп жүрмін. Қате жіберетін тұстары бар. Оны қойындәптеріме түртіп алдым. Айтпақшы, Головкин 17 қазан күні Давид Лемьені «өлтіреді». Оған күмәнім жоқ» деп өз пікірімен бөлісті. Иә, ілгеріде басқаша сөйлеген Роуч енді өзгеше сайрады. Не ойлағаны бар екен?

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support