- Advertisement -

Мемлекеттік бағдарлама қаражатына бақылау қажет

75

- Advertisement -

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиында Гүлшара Әбдіқалықова әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуге бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Елбасы қойған міндеттер мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінетін бюджет қаражатын шығындауға қатаң бақылауды қамтамасыз етуді талап ететіндігін атап өтті.
«Біз комиссияның кезекті отырысына жиналып отырмыз. Өздеріңізге белгілі, қазір Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған 5 институттық реформаның аясындағы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын нақты іске асыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар дербес кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді, транспорентті және есеп беретін Үкіметті құруды көздейді», – деді жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы.
Оның атап өтуінше, барлық осы реформалар сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін жетілдіруге бағытталған.
«Осыған орай бүгін біз қатынастары саласында, сондай-ақ «Ақ бұлақ» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын іске асыруға бөлінген бюжет қаражатын игеру қалай болып жатқанын қараймыз», – деп атап өтті Г.Әбдіқалықова.
Отырыста Ұлттық экономика министрі Е.Досаевтың, Бас прокурор А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаровтың баядамалары тыңдалды. Қорытындысында комисия мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support