Келші, Құланға
Келші, Құланға
Әні: Мэлс Өзбековтікі.Сөзі: Айша Көпжасарованікі.
Маңдайын күн сүйіп, Қарайды сыр түйіп, Көкдөнен тау биік, Арайлы белім. Мақтаны елімнің, Ақтаған сенімін, Ақ гүлі жерімнің Алмагүлдерім. Қайырмасы: Көркің әсем көктем, Құмырсқа бел көкем, Күлімдеші, күлші, Жүзің гүл алма. Үмбет құмын басып, Жібек жолын асып, Келші, сәулем, келші, Біздің Құланға. Қарамай тым тұйық, Сәбидей монтиып, Басыңа гүл түйіп, Қолыңды берші. Луговой шұрайлы, Келін боп шырайлы, Серік боп шынайы, Қасыма ерші. Қайырмасы: Қарақаттай көзің, Балдай тәтті сөзің, Алаулаған кезің, Бақытым менің. Жон-жотаны баса, Кел терейік болса, Қарақатпен қоса, Уақыт гүлдерін.