Сонда да менің келмейді сені жек көргім
Сонда да менің келмейді сені жек көргім
[caption id="attachment_27330" align="alignnone" width="240"] Асылхан
Зауал-Маханұлы.[/caption]
Өзіңді күттім,
Гүлзар бақтарға барып мың,
Түндерде талай ілінбей көзім зарықтым.
Сезім отының жетегіне еріп жүргенде,
Шегі жоқ мұңның шеңберінде өзім қалыппын.
Жабырқау көңілім сағына күтті шекерін,
Білсе де өмір сынаптай сырғып өтерін.
Мүмкін сен мені есіңнен мүлде шығардың,
Мен сені гүлім ұмыта алмайды екенмін.
Кетсе де ұзап өзіңмен бірге өткен күн,
Сағындым әнін бал шырын берген көктемнің.
Азапқа салып, мазақ еттің-ау, сезімді,
Сонда менің келмейді сені жек көргім.
Өзіңді күттім,
Жүректі өртеп жалын мұң,
Шарасыз күйде тағдырға қатал бағындым.
Ақталмай сенім, қайрылмай маған кетсең де,
Келеді күткім, келеді сені сағынғым.