Денсаулық

Қазақстанда жүргізушілерге салынатын айыппұл көлемі екі есеге артты

The final spritzer

Қазақстанда жүргізушілерге салынатын айыппұл көлемі екі есеге артты

Қазақстанда жол ережелеріне бағынбағандар жаңа заң бойынша айыппұл төлейтін болады. Айыппұл көлемі бұрынғыдан 2 есеге артып отыр.

Көлікте отырып ұялы телефонмен сөйлескен және техникалық бақылаудан өтпеген көлік жүргізушілері 3 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Үлкен жылдамдықта жүруді жаны сүйетін жүргізушілердің де қалтасы қағылмақ. Енді көлікті қалаған жерге қоюға да болмайды. Бұл салғырттық үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеу міндеттеледі.

Мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілер 5 жылға куәлігінен айырылады. Жаяу жүргіншілердің де тәртібі қатаң бақылауға алынбақ. Енді бірнеше мәрте ереже бұзған азаматтар 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Ақпарат көзі: www.nur.kz