- Advertisement -

Университет командасы жүлделі оралды

71

- Advertisement -

Павлодар облысының Баянауыл ауданында биыл да жылдағыдай Қазақстан және тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері туристері ынтымақтастығының «Ертіс меридианы – 2015» атты кезекті ХХVII республикалық слеті өтті. Іс-шара аясында ұйымдастырылған туристік көпсайыс жарысына Қазақстан, Ресей және Қырғызстан республикаларының спортшыларынан құрылған 22 команда қатысып, күш сынасты. Олардың қатарында облыс атынан слетке қатысқан М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командасы да бар.
Соңғы үш жылдың бедерінде дәстүрге айналған көпсайысқа «Сұңқар» спорт клубының оқытушысы Марат Жұманбеков және университеттің «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Азизжон Тұрсынбаев жетекшілік ететін ТарМУ командасы үздіксіз қатысып келеді. Университет спортшылары биыл да бәсекеге қатысқан жиырма екі команданың арасынан үздік шығып, 2013 және 2014 жылы қол жеткен биігінен көрініп, қола жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, «Сұңқар» спорт клубының командасы «Көпті көрген турист» конкурсында бірінші орынды, «Туристік ән» қашықтығында жүлделі екінші орынды иемденді.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support