Алтынбекова архипелаг асып кетті
Алтынбекова архипелаг асып кетті
Қазақ волейболшысы енді Жапония клубында ойнайды
Әлеуметтік желілер мен сайттардың жұлдызына айналған қаракөз қазақ қызы Сәбина Алтынбекова енді Жапонияның «GSS Sunbeams» волейбол клубының намысын қорғайды. Он сегіз жастан енді ғана асқан қазақ волейболшысы жапониялық клубпен тамыз айында келіссөздер жүргізіпті. Екі тарап қанша жылға шарт жасасқаны әзірге беймәлім. Токиолық клубта тер төгетін Сәбина Алтынбекова биік белестерді бағындыруды көздейді. Архипелаг асқан Алтынбекованың командасы қазіргі таңда Жапония біріншілігінің екінші дивизионында бақ сынап жүр. Аталмыш клуб қараша айында V.Challenge Ligue чемпионатына қатысады. Бір сөзбен айтқанда сары құрлыққа айтарлықтай танымал ұжым емес сапын толтырған Сәбина қыз сол ұжымның тасын өрге домалатуға көмектесе ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетер.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».