- Advertisement -

Өмірәлі – күміс жүлдегер

98

- Advertisement -

Паратхэквондодан Түркияда өткен әлем
біріншілігінде жамбылдық спортшы олжа салды

Түркияның Самсун қаласында паратхэквондодан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы алтыншы әлем біріншілігі өткізілді. Аталмыш додаға елімізден бес бірдей спортшы аттанған болса, оның екеуі жамбылдық жампоздар.
Дуы басым додада жасындай жарқырап көріне білген жерлесіміз Өмірәлі Нышан К-42 класы бойынша 75 келіден жоғары салмақта бақ сынап, екінші орынға иелік етті. Спорттың бұл түрімен тағы бір жамбылдық оғлан Орынбасар Мағжан да шұғылданады. Екеуі 2014 жылы Мәскеуде өткен додада да олжа салған болатын.
Самсун төрінде қарсыластарынан қаймықпай, күміс жүлдеге қол жеткізген саңлағымыздың әлі талай асуды алары сөзсіз. Бұған бапкерлері Алмаз Әбдікаиров пен Нұрдәулет Қабаев та сенімді. Естеріңізге сала кетейік, спорттың бұл түрі 2020 жылы Токиода өтетін Паралимпиялық ойындардың бағдарламасына кіретін болды.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support