Денсаулық

Қожахметов: Тұрғындарға доллар бағамына алаңдаудың не қажеті бар?

Қожахметов: Тұрғындарға доллар бағамына алаңдаудың не қажеті бар?

pogudx5mgf1tnrmb3.24923fe3Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов тұрғындарға валюталық нарықтағы өзгерістерді қадағалап отырудың қажеті жоқ деп санайды.

«Тұрғындарға доллардың бағамына қараудың не қажеті бар?», – дейді Қожахметов мәжіліс отырысы кезінде.

“Біз банктермен жиі кездесіп, нарықтағы жағдайды талқылап отырамыз, әсіресе алыпсатарлық орын алғанда (…) Адамдарға бағамға қараудың не қажеті бар? (…) Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін түзетулер енгізді (…) Енді олар өз тауарын осында сатуға кірісті. Олар аздап қиналды (…) Бағам өзгергелі олар әлдеқайда бәсекеге қабілетті бола бастады (…) Бағам тұрақтанды, сұраныс та, ұсыныс та бар”, – деген шенеуніктің сөздерін tengrinews.kz жариялады.

Қожахметов валюталық өктемділіктің алдағы мөлшері қандай болатынына және Ұлттық банк қанша уақытқа дейін доллардың теңгеге шаққандағы бағамын қалыптастыруға араласатынына қатысты ақпарат бермеді.

«Мөлшерін және мерзімін айта алмаймын. Әзірге қолдау көрсетудеміз. Барлығы жағдайдың қандай болатынына байланысты», – дейді Қожахметов.

Тұрғындар теңгенің еркімен жіберілуінен пайда тапты ма деген сұраққа Қожахметов тек басын шайқап қана жауап қайтарды.