- Advertisement -

Ресей оқу жылының басталуын 1 қыркүйектен басқа күнге ауыстыруы мүмкін

81

- Advertisement -

pogudx6i8h14pscv4.ae8595e8Ресей президенті Владимир Путин ел премьері Дмитрий Медведев пен аймақ басшыларына жаңа оқу жылы бастауының өзгермелі кестесін құруды тапсырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Болжам бойынша, ЖОО-лар мен мектептерде жыл сайын жаңа оқу жылы 1 мен 15 қыркүйек аралығында әртүрлі күні басталуы мүмкін. Президент көмекшісі Игорь Левитин шілде айында осындай ұсыныс жасағаны белгілі. Оның айтуынша, жаңа қадам елде туризм саласын дамытуға, сонымен қатар тамыз айының соңғы күндері әуежайдағы кептелісті жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Біз 1 қыркүйекте жаппай Қырым мен Сочиден жан ұшырып кетіп, келесі мамырға дейін қоштасамыз, ал туризм маусымы тоқтаған жоқ қой», – деді Левитин.

Қазір, Ресейдің барлық ЖОО-лары мен мектептерінде оқу 1 қыркүйекте басталады. Дәл осы күн сондай-ақ білім күні деп саналады. Соның аясында барлық мектептерде салнататты сап түзеу дәстүрге айналған.

Жаңа оқу жылының ортақ датасы 1935 жылы қыркүйекте Халық комиссарлары кеңесі және ЖКП (б) ОК қаулысымен бекітілді. Ал 1984 жылы 1 қыркүйек ресми түрде мемлекеттік мереке деп бекітілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support