- Advertisement -

БАҚ: Қазақстандық миллиардерлер Ресейдің тауарларына тыйым салуды сұрауда

76

- Advertisement -

pogudx2dslc25d9pgg.a732e670Қазақстанда Ресейден келетін тауарларға тыйым салынбақ деп мәлімдеді Астанадағы хабардар дереккөз.

Дереккөздің мәліметтеріне сәйкес, сатылымына тыйым салынатын тауарлар қатарында көліктер, әйнек тарасы, аккумуляторлар, құс еті, жұмыртқа, ұн, макарон, шырындар мен сусындар, толқынды шифер, кабельдер мен сымдар, ашытқылар, май, сірне, кондитерлік өнімдер, майлайтын материалдар, темір жол құймасы, салқындаттыратын сұйықтықтар бар.

Белгілі болғандай, «Азия Авто» АҚ ұжымы және Қазақстандық көлік бизнесі қауымдастығының басшысы, Қостанайдағы автоқұрастыру зауытын қожалық ететін Андрей Лаврентьев бастаған автоқұрастыру кәсіпорындарының өкілдері Инвестициялар және даму министрлігіне Ресейден әкелінетін көліктерді дилерлік желілер арқылы саудалауға айрықша құқық беру өтінімін жіберген.

Өз кезегінде «ЕвроКристалл» ЖШС мен «Стекольная компания САФ» АҚ Ресейден келетін әйнек тараларға мемлекеттен квота бекітуін сұрауда. Сонымен қатар әйнек таралардың бір шөлмегіне 7-8 теңгеден экологиялық алым тағайындауды, әйнек таралары тек сусын үшін пайдалануға берілетінін растайтын дәлелдері болған жағдайда ғана елімізге кіргізуге рұқсат беруді талап етуде.

Талдықорғанда аккумулятор шығаратын «Қайнар-АКБ» ЖШС Ресейдегі бәсекелестерінен келетін өнімдерге квота бекітуді сұрауда. Мұнымен қоса, Ресейден келетін өнімдердің техникалық талаптарға сай келуін қатаң тексеру қажет деген ұсыныс жасалды.

Сол арада «Ордабасы құс» ЖШС, Capital Projects Ltd ЖШС, «Акнар ПФ» ЖШС, «Алатау-құс» ЖШС, «Көктас-Ақтөбе» АҚ, «Север Птица» АҚ Ресейден келетін құс етіне ветеринарлық шаралар арқылы тыйым салып, импортқа пайдаланушылар құқығын қорғау мақсатында тыйым салуын талап етуде. Дәл сондай өтінішті жұмыртқа өндірушілері де жасап отыр. Ресейден 500 млн данамен келетін жұмыртқаларға квота бекіту керек деп санайды олар.

Ресейден келетін құрылыс арматурасына да құрыш магнаты Лакшми Митталдың өтінішімен тыйым салынбақ. Оның талаптарын қолдайтындар арасында миллиардер Рашид Сәрсеновтің KSP Steel ЖШС мен Ferrum-Vtor ЖШС де бар. Олар, сонымен қатар құрылыстар кезінде тек отандық өнімді пайдалануға міндеттеуді сұрауда. Кабельдер мен сымдар шығаратын «Казэнегрокабель» ЖШС мен «Электрокомплект-1» де дәл сондай талаптар қоюда.

ҚазТАГ дереккөзіне сенсек, мемлекет автоқұрастырушылардың өтінішін қанағаттандырып, тек соларға ғана Ресейден көлік әкелуге айрықша құқық берген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support