- Advertisement -

Биыл Құрбан айт мерекесі қазақы дәстүрмен өткізілетін болды

91

- Advertisement -

pogudx204gqu420r7.e51b91d6Бас мүфти барша мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Рамазан айынан соң, 70 күн өткенде тойланатын бұл мейрам биыл қыркүйектің 24-інде басталады.

Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірімділік пен кешірілім мерекесі. Бұл күнді еліміздің мешіттері қазақы салт-дәстүрімізге сай ұлттық нақышта атап өтпек. Биыл Алматыда қасиетті мереке кезінде мал соятын 21 орын бекітілді.

Онымен қоса, мереке жақындаған сайын малдың бағасын шарықтататындармен арнайы келісім жасалған. Шарт бойынша құрбан шалуға арналған төрт түліктің құны 20 мыңнан 30 мың теңге аралығында болуы тиіс.

«Барлық өңірлерде Құдай қаласа, Құрбан айтқа дайындық қызу жүріп жатыр. Жалпы Қазақстанда тұрып жатқан мұсылмандарды, отандастарымды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Биыл Құрбан айтты ерекше өзіміздің дәстүрмен байланыстырып, өткізуге тапсырма берілді. Ол жағдайы келгенше мешіттің ауласында қазақ үй тігіліп, қазақша ойын ойналады»,- деді Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Одан бөлек, мереке алдында қасапшылар мұсылмандық жолмен мал сою талаптарын үйренуде. Сабақтар өтуде. Құрбандыққа сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, шұнақ болмауы керек. Құрбандыққа шалынған малдың еті Алматыдағы 8 ауданның мұқтаж азаматтарына тізім арқылы үлестіріліп беріледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support