Шымкенттік имам Абылай ханның қажылық парызын өтеу үшін қасиетті Меккеге аттанды

73

pogudxfsmrqf54p3g.698a2bc2ОҚО бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров қазақтың үш жүзінің басын қосқан Абылай ханның қажылық парызын өтеу үшін қасиетті Меккеге табан тіреді деп хабарлайды Мекке-Мәдинадағы NUR.KZ тілшісі.

Қажылыққа осымен үшінші рет келіп отырған дін қызметкері тұңғыш рет өзінің парызын өтеп, екінші рет марқұм болған әкесі үшін, ал осы жолы қазақтың ханы Абылай үшін келіп отырғанын айтты.

«Қазақтың үш жүзінің басын қосқан Абылай ханның атынан қажылыққа келіп отырмын. Абылай хан үш жүздің басын қосып, еліміздің осы территориясын сақтап қалуға зор үлес қосқан саяси тұлға. Абылайдың тұсында жаугершілік заман болды, жан-жақта жаулар болды, тойтарыс беру керек болды», — деп бастады сөзі Мұхамеджан аға.

Comments are closed.