Суды тазартуға қабілетті кітап
Суды тазартуға қабілетті кітап
Америкада ғалымдар парақтары зиянды бактериялар мен қоспадан суды тазартуға қабілетті, яғни сүзгіш рөлін атқаратын кітап басып шығарды. Тіпті, олар заманауи технология үлгісінің атауын «ауызсу кітабының» парақтары деп атап та үлгерді. Бір қызығы, парақтар судың құрамындағы күмістің нанобөлшегі немесе мыс бактерияларды жояды. Екінші жағынан онда суды не үшін, қалай тазартуға болатыны жайлы тың ақпараттар жазылған. Ғалымдар: «Кітаптың бір парағын жыртып алып, оны сүзгіш қондырғыға төсейді де өзен, құдық, бұлақ болсын кез-келген көзден алынған суды құяды. Нәтижесінде су тазарып, бактериялар жойылады», – дейді. Сондай-ақ, олар бір қағазбен 100 литр суды тазартуға болады деп отыр. Демек, өнер-тапқыштардың айтуынша, бір кітап шамамен төрт жылға жетеді. Айта кетейік, сынақ ретінде тазартылған суда бактериялар 99 пайыз жойылатыны анықталды. Ал көп жағдайда адам ағзасына зиянды микробтар сүзгіден өткен суда мүлдем қалмайтын көрінеді.
Жоба жетекшісі: Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru
Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru
Ернар БАЛҒАБАЕВ massgrand@mail.ru