Ар азабы
Ар азабы
Аштықтан әбден қалжырап, жақын маңдағы көмек лагеріне жете алмай зорығып, әлсін-әлсін демалып жатқан қыз. Артында құзғын қыздың өлімін күтіп отыр. Ал мында талдың арасына тығылған фотограф суретке түсіріп әлек болып жатыр. Енді құзғынның қанатын қомдап, қызға шүйілуін тағатсыздана күтуде. «Сол сәтті түсіріп алсам, атағым аспандап кетер еді-ау» деген ой жанын алып барады. Алайда, қанша уақыт отырса да бәрі оның күткеніндегідей болмады. Соңғы күшін жинаған қыз алға қарай еңбектеп жылжып кетті. Ал жыны ұстаған фотограф құсты таспен ұрып қуып жіберді. Бірақ осы фотоның өзінен-ақ фотографтың атағы аспандап кетті. Атақты «Футзер» сыйлығын да иемденді. Ол Африкадағы ашаршылықты түсірген американдық суретші Кевин Картер еді. Кейін жанын жегідей жеген ар азабынан жынданып, ол өз-өзіне қол жұмсап өлді...
Жоба жетекшісі: Фариза ӘБДІКЕРІМОВА fariza_abdikerimova@mail.ru
Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru
Ернар БАЛҒАБАЕВ massgrand@mail.ru