25 оғаш фобия
25 оғаш фобия
«Фобия» грек тілінен аударғанда — «қорқыныш» дегенді білдіреді. Көп адамдар жыланнан, өрмекшіден не биіктіктен қорқатынын білеміз. Бұл түсінікті. Бірақ кейде ақылға қонбайтын қорқыныштар да болады – түймелерден қорқу, үрленген шардан, цифрлардан қорқатын адамдар да табылып жетеді.
AdMe.ru әлемдегі ең оғаш көрінетін, бірақ шындығында айтарлықтай адам үшін проблемалар туындатуы мүмкін фобияларды іріктеді. Акрибофобия – оқығаныңды түсінбей қалудан қорқу. Кейде шизофрения белгілеріне ұласады. Гексакосиойгексеконтагексафобия – 666 санынан қорқу. Футуркамның «The Honking» мультисериалы эпизодында бұл аурудың ұстамасы көрсетілген. Онда Бендер атты кейіпкер айнадағы «0101100101» сандарының бейнесінен қорқып кетеді. Бұл «666» санының екілік жүйедегі үлгісі. Гиппопотомонстросескиппедалофобия – атынан ақ білінеді – ұзын сөздерден қорқу. Гносиофобия (эпистемофобия) – білім алу алдындағы қорқыныш. Логикалық тұрғыда, осы аурумен ауыратын адамдардың 70 пайызы – мегаполистер мен ірі қалалар тұрғыны. Бұл фобияны «маугли-балалар» - адамдар қоғамынан тыс өскен балалардан байқаған. Гидрозофобия – терлеп, ауырып қалудан немесе жағымсыз иіс шығарудан қорқу. Мұндай фобиясы бар адамдар құстар, қояндар мен шошқа жануарларына қызығады – олар терлемейді екен. Декстрофобия – оң жағында тұрған заттардан қорқу. Бұл аурудың түбі – бала кезіндегі комплекстермен байланыстырылады. Дорофобия – сыйлық беруден не сыйлық алудан қорқу. Бұл қызық емес, қатерлі ауру. Мұны да бала кезінде алған әсерден пайда болды деп болжамдайды. Кумпунофобия – түймеден қорқу. 75000 адамның 1-еуі осы фобиямен ауырады. Бұл адамдарға «Коралина в Стране Кошмаров» атты мультикті көруге кеңес берілмейді. Бұл олар үшін аса «қауіпті». Лаканофобия – көкөністерден қорқу. Бұл адамдар көкөніс көргенде жүректері айнып, басы айналып, тыныс алуы жиілей түседі. Иісіне де шыдамсыз. Тіпті кейбірі көкөністің қасында тұрған азықты да жемейді екен. Нефофобия – бұлттан қорқу. Уақыт өте келе, басқа формаға ауысуы әбден мүмкін: тұманнан не ауадан қорқу. Омфалофобия – кіндіктен қорқу. Мұндай адамдар кіндіктеріне тиіскенді ұнатпайды, өздері де біреудің кіндігін ұстағанды, тіпті оған қараудан қорқады. Олардың қорқу себебі – кіндіктің ішкі ағзамен, аналық жатырмен байланыста болуы мүмкін. Кейбірі кіндік туралы ойлаудан қорқады. Омброфобия – жаңбырдан қорқу. Қорқыныш сезімі паникаға әкеп соғуы мүмкін. Мұның да себептері көп. Бірақ ең бастысы, балаларға жаңбырға шығуға болмайтынын, ауырып қалатындарын айта беруден болуы мүмкін. Оның үстіне, жаңбыр – депрессиямен байланыстырылады. Пентерафобия – қайын енеден қорқу. Бұл көптеген анекдоттар үшін мысал болған шығар, бірақ бұл адамның енесі не атасымен араласқысы келмей тұратын түйсігі. Погонофобия – сақал алдындағы қорқыныш. Жүргізуші Джереми Паксман ВВС каналында Newsnight бағдарламасына сақалмен шыққаны үшін погонофобия ретінде қатты сынға алды. Папафобия – Рим Папасынан қорқу. Тым сирек кездеседі. Трипофобия – саңылаулар жинағынан қорқу. Хайрофобия – орынсыз күліп жіберуден қорқу (мысалы, жерлеу рәсімінде). Бұл адамның қорғаныс реакциясына қатысты. Кейде қатыссыз реакция беріп, қуану арқылы қорғанудан туған. Хронофобия – уақыттан қорқу. Үлгермей қаламын деген сияқты ойлардан туады. Сондықтан ол өмірді байқамай, көптен қалып қояды. Филофобия – ғашық болудан қорқу. Пунктумофобия – соңында нүктесі бар хат алудан қорқу. Смайликтің жоқ болуы – әңгіменің тым салмақты екенін және сөйлесушінің тым кесіп айтуын білдіреді. Реттерофобия – сөзден қателесіп кетуден қорқу немесе «автозаменаны» байқамай қалу. Олар жазғандарын бірнеше рет тексере беретін болады. Имоджифобия – қате түсінік тудырудан қорқу сезімі. Мәселен, адам чатта мысықты, т.б. жеңіл-желпі нәрсе жіберіп қоюдан қорқады. Селфифобия – сәтсіз сельфиден қорқу. Күлкілі көрінгенімен, соңынды уайымдайтындай болуы әбден мүмкін. Игнорофобия – хаттын оқып, жауап ала алмай қалудан қорқу.
Біраз фобиялармен таныс болдық... Сіз өз фобияңызды білесіз бе?