«Тараздың» тең ойыны көңіл көншітпейді
«Тараздың» тең ойыны көңіл көншітпейді
«Тараз» футбол клубының сырт алаңдағы кездесуі тең нәтижемен аяқталды. 26-турдағы тең ойын турнир кестесіндегі жағдайды еш өзгерте алмайды, әрине. Сондықтан, жамбылдық жанкүйерлер үлкен үмітке иек артуды қойған. Қазір тараздықтар үшін өз командасының Премьер-Лигадағы орнын сақтап қалғаны маңызды. Жалпы, қостанайлық «Тобыл» өз алаңында бірінші нөмірде өнер көрсетуге тырысты. Алғашқы минуттан-ақ, шабуылға иек артып, тараздықтардың қақпасын нысанаға алды. Бірақ, қақпашыны қапы қалдырарлықтай өткір шабуыл болған жоқ. 26-турдан кейінгі жағдай бойынша «Тараз» қазір тоғызыншы орында. Тараздықтарды «Жетісу» өкшелеп келеді. Биылғы біріншіліктің жаңалығы – Көкшетаудың «Оқжетпесі» десек, артық емес. Владимир Мұқановтың шәкірттері табандылық танытып, екінші алтылықты бастап келеді. Жалпы, көш басында – алматылық «Қайрат». Ал «Астана» мен «Ақтөбенің» қайсысы екінші орынға тұрақтарын уақыт көрсетеді.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».