ОҚО-да 25 жауынгерлік снаряд залалсыздандырылды

51

20150921170208ОҚО-ның Арыс ауданында полицейлер 25 снарядты залалсыздандырды.

ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс АІІБ-нің кезекшілік бөліміне телефон арқылы 57 жастағы ер адам хабарласып, Арыстағы Арапов көшесінде орналасқан нан қабылдау пунктінің қараусыз тұрған ғимаратындағы тоғанның ішінен снарядтарға ұқсас металл бұйымдарын анықтағаны туралы айтып берді.

Оқиға орнына шұғыл қызметтер жіберілді. Қауіпті аумақ қоршауға алынып, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды. Зерттеу кезінде саперлер металл заттардың жауынгерлік зеңбірек және минометтік снарядтар екенін анықтады. Барлығы 25 дана болған оларды суда көп тұрғандықтан тот басқан. Табылған заттар жойылуға жіберілді.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 287 бабы бойынша («Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және жарылғыш құралдарды заңсыз сатып алу, тапсыру, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе ұстау») сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Comments are closed.