Денсаулық

Apple компаниясы жаппай AppStore вирусымен күресуде

Apple компаниясы жаппай AppStore вирусымен күресуде

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Apple компаниясы Қытайда  iPhone смартфоны мен   iPad планшеттерінің иелері пайдаланатын белгілі қосымшалардан табылған зиянды бағдарламаны жою шараларын қабылдағанын мәлімдеді.

Компания өз тарихында алғаш рет қосымша дүкенінің бұзылғанын айтады.

Хакерлер    XcodeGhost  зиянды кодын орнатқан. Осылайша оны байқамай қосымшаның  әзірлеушілері де пайдаланған.

Apple баспасөз қызметінде нақтылағандай, барлық зақымданған қосымшалар AppStore-ден алынып тасталатын болады, деп жазады Би-би-си.