Жазушы Джеки Коллинз рактан көз жұмды
Жазушы Джеки Коллинз рактан көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливудтағы көптеген махаббат романдарының авторы Джеки Коллинз 78 жасында Лос-Анджелес қаласында дүние салды, деп хабарлады www.24.kz.
Ол омырау рагынан көз жұмған, деп хабарлайды ТАСС. Коллинзтің «Бұл өмір үйленген еркектерге толы» атты бірінші романы 1968 жылы басылып шыққан. Оған Австралия мен Оңтүстік Африка Республикасында тыйым салынған. Дәл осы жанжал кітаптың АҚШ пен Ұлыбританияда көптеп сатылуына себеп болған. Джеки Коллинз барлығы отыз шақты кітап жазған. Олардың ішінде ең танымалы - «Голливудтық әйелдер». 2013 жылы Елизавета II оны Британ империясының орденімен марапаттады. Фото: trueice12.weebly.com