- Advertisement -

«Айшоттың» сүті бал, айраны дәмді

68

- Advertisement -

Жаһанды жайлаған дағдарыс дамыған мемлекеттердің өзін әбігерге салуда. Мұндай сын-қатерге әр ел өзіндік күрес тәсілдері арқылы төтеп беру үшін әрекет етуде. Тәуелсіздік алған аз уақыт ішінде түрлі қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерген қазақ елі де дағдарысқа қарсы білек сыбана күресуде. Еліміз жедел жаңа экономикалық шараларды жүзеге асыруға кірісіп, еркін теңге-несие саясатын енгізді. Өз кезегінде Қазақстан халқы мемлекет саясатына толық қолдау көрсетіп, сенім білдіруде. Себебі, қазақстандықтар дағдарысқа қарсы күштің – бірлік пен ынтымақ екенін біледі. Біз осы ұлы құндылықтарымызды көздің қарашығындай қорғауымыздың арқасында 20 жылдан астам уақыт ішінде талай биіктерді бағындырумен келеміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты халқымызды талай тығырықтан аман алып шықты. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын экономикамызға серпін беретін бағдарлама деуге толық негіз бар.
Ұлт көшбасшысының «100 нақты қадам» елімізге «2050 Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қор жасап береді» – деп атап көрсетуі де сондықтан. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін Ұлт жоспарын сөзбен емес, іспен қуаттау қажет. Әр адам өз қызметіне, міндетіне, кәсібіне шын беріліп, жетістіктер жолында аянбай тер төксе, үнемі ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылыс жасаса, бес халықтық реформаны жүзеге асыру қиын емес. Стратегиялық құжаттың «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағытында ел қазынасын еселеу тетіктері түгелдей көрсетілген. Соның бірі – 60 қадамда айқындалған Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту міндеті.
Тарихқа көз жүгіртсек, бұл кәсіп қазаққа жат емес. Ата-бабаларымыз төрт түлік өсіріп, сүтін сусын, етін азық еткен. Сондықтан, сүт өндірісін дамыту ауыл шаруалары үшін тиімді болатыны анық. Біз өткен жылдың наурыз айында сүт өнімдерін өңдеу кәсібін қолға алдық. Шу ауданында шағын және орта бизнестің түр-түрі жолға қойылған. Бірақ, біздің таңдауымыз осы болды. Жаңажол ауылында «Айшот» ЖШС-ын құрып, бүгінде күніне 500 литр сүт қабылдап, пастерленген сүт, айран, сүзбе, қаймақ, май, құрт шығарамыз. Арнайы сауда белгісі бар пакеттердегі бұл тауарларымыз аудан дүкендерінде сатылымға шығарылуда. Сонымен қатар, аудандағы 24 балабақшаның он тоғызымен келісімшарт жасасып, бүлдіршіндерді таза әрі сапалы сүт өнімдерімен қамтып отырмыз. Шу ауданы әкімдігі тарапынан бізге мүмкіндігінше қолдау көрсетіліп келеді. Шағын зауытта 10 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айман Нүсіпбекова,
«Айшот» ЖШС-ның директоры.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support