- Advertisement -

«Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне жаңа маусымда жаңа кеңестер алу үшін «Бірге таңдаймыз» атты бағдарламасын ұсынады!

195

- Advertisement -

21-қыркүйекте «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында
«Бірге таңдаймыз» атты жаңа танымдық тележурналдың тұсауы кесіледі», – деп хабарлайды «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз-қызметі.

Жаңа жоба әрбір көрермен өзіне керегін ала-алатын көңілді, жеңіл әрі танымды тележурнал болмақ. Бағдарламада асүйдегі шеберлік пен тағамдарды таңдаудан бастап, көлік жөндеу, мерекелер ұйымдастыру, жиһаз таңдау және жөндеу, үйдегі абаттандыру жұмыстары, сантехниканың қыр-сыры, аналарға кеңес, бет және дене күтімі, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас, жасөспірім баланың тәрбиесі секілді барлық отбасы мүшелеріне арналған пайдалы кеңестер ұсынады. Бір сөзбен айтар болсақ, аталған тележурнал ең көкейкесті тақырыптарды көтере келе, өмірдің әрбір кезеңдеріне пайдалы кеңестер береді, тұрмыста және әртүрлі жағдайларда кездесетін қызықты құпиялардың сырын ашады.
«Бірге таңдаймыз» бағдарлама­сының шығармашылық тобының басты миссиясы теле­көрермендеріне өмірде кездесетін түрлі сұрақтарға шешім табуға, күнделікті пайдалы кеңестер беруге, сонымен қатар өз аудиториясын дамытуға бағытталған.
«Бірге таңдаймыз» теле­журналын «Қазақстан» телеарнасының эфирінде 21-ші қыркүйектен бастап дүйсенбі-жұма аралығында 13:00-де тамашалаңыздар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support