Денсаулық

Елімізде ескі көліктерді міндетті түрде кәдеге жарату енгізілуі мүмкін

Елімізде ескі көліктерді міндетті түрде кәдеге жарату енгізілуі мүмкін

pogudx21cuto60fhlg.398fb04fИнвестициялар және даму министрлігі парламент мәжілісіне пайдаланылмайтын көліктер мен тауарларды міндетті түрде кәдеге жаратуға біртіндеп көшуді көздейтін заң жобасын ұсынады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында вице-министр Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды АlmatyNews ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

“Бүгінде жолдарымызда 18 жыл бұрын шығарылған екі миллионға жуық автокөлік жүр. Олардың бәрі экологияға зиян келтіреді, сондықтан кәдеге жаратылуы тиіс», – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, вице-министр ИДМ тауарлар «ресайклингі» үшін толыққанды инфрақұрылымды қалыптастыруға екпін жасайтынын қосты. Жақын арада резеңке дөңгелек тыстарын кәдеге жарату басталады.

Альберт Раудың айтуынша, тиісті кәсіпорындар жұмысын бастауға дайын.