- Advertisement -

Сарапшы азаматтарды доллар деп жылай бермей, теңгені қолдауға шақырды

67

- Advertisement -

pogudx46hgsdgcnkj.71516f52Қазақ халқы теңгені қолдауы қажет. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында Қазақстан инвесторлар альянсының президенті Азаматхан Әміртаев мәлімдеді.

«Азаматтарда патриоттық сезім болу керек. Теңге –  біздің ұлттық валютамыз. Сондықтан оны қолдауымыз қажет. Мәскеуде рубль құлдыраса, халқының жылап жатқанын көрмейсіз. Біздің қазақстандықтардың басым бөлігі ойлағандары доллар. Біз теңгені ойлауымыз керек. Сол кезде бақытты өмір сүреміз. Жалпы алғанда күнделікті өмірде теңгеге тамақ аламыз, теңгемен көлігімізге бензин құямыз», – деді Әміртаев.

Оның айтуынша, халықты тұрақтылыққа шақырған жөн.

«Дәл қазір барлығымыз ақша айырбастау пунктіне немесе банкке жүгіретін болсақ, әрине доллардың бағамы көтеріледі. Мысалы долларды алдық делік. Оны күнделікті  не істейміз? Сондықтан теңгеге бет бұрған абзал. Мысалы, Ресейде ешкім доллармен сауда жасамайды», – деді Қазақстан инвесторлар альянсының президенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support