- Advertisement -

Полицейлерден қызметтік қару алынып, травматикалық тапанша таратылуы мүмкін

67

- Advertisement -

pogudx26us59e2ngu.9ab02b8eЕнді полицейлердің қолындағы қызметтік қару жаппай алынып, орнына травматикалық тапанша таратылуы мүмкін. Бас прокуратура осындай құжатты мәжіліске әкелді деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені, тәртіп сақшылары қолындағы қарумен адам өлтіріп алуы мүмкін. Сондықтан қарапайым халықтың өміріне алаңдаған прокурорлар, оны травматикалық тапаншаға алмастыру қажет дейді.

Оның үстіне, полицейлер де табельді тапаншадан оқ атуға жүрексінеді екен. Ал травматикалық қарумен заңға бағынбағандарды еш қиындықсыз тәртіпке салуға болады. Айта кетсек, соңғы 3 жылда тұрғындардың қолында жүрген 40 мың травматика сатып алынған. Ол үшін бюджет 2 миллиард теңге жұмсалыпты.

“Егер депутаттар мақұлдаса, алдымен көшеде тәртіп қадағалайтын 38 мың полицейге жаңа қару табысталады. Ол тапаншалардың барлығы тұрғындардан сатып алынған. Ал тәртіп сақшыларының табельдік тапаншалары тексеріліп жарамсыздары жойылуы керек”, – дейді Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support