Полицейлерден қызметтік қару алынып, травматикалық тапанша таратылуы мүмкін
Полицейлерден қызметтік қару алынып, травматикалық тапанша таратылуы мүмкін
Енді полицейлердің қолындағы қызметтік қару жаппай алынып, орнына травматикалық тапанша таратылуы мүмкін. Бас прокуратура осындай құжатты мәжіліске әкелді деп хабарлайды КТК арнасы.
Өйткені, тәртіп сақшылары қолындағы қарумен адам өлтіріп алуы мүмкін. Сондықтан қарапайым халықтың өміріне алаңдаған прокурорлар, оны травматикалық тапаншаға алмастыру қажет дейді.
Оның үстіне, полицейлер де табельді тапаншадан оқ атуға жүрексінеді екен. Ал травматикалық қарумен заңға бағынбағандарды еш қиындықсыз тәртіпке салуға болады. Айта кетсек, соңғы 3 жылда тұрғындардың қолында жүрген 40 мың травматика сатып алынған. Ол үшін бюджет 2 миллиард теңге жұмсалыпты.