- Advertisement -

Іңкәр жүрек

89

- Advertisement -

Кеше ғана бастау алған бұлақтай,
Уақыт өңін сарғайтпаған құрақтай.
Күз келсе де бақтарыма жасырын,
Күдер үзбей жүрмін әлі мұраттан.

Әрекетсіз ғұмыр кешу-көп қайғы,
Екі аяғым болмаса жол тоспайды.
Күнбағыстай күнге қолым ұмтылар,
Өзім жақпай отымды өзге жақпайды.

Соны ұғынсам-өрге өрлер талабым,
Жаз өтсе де қызғалдақ боп жанамын,
Мезгілі ықпай, ұлы өмірге ынтыққан,
Мәңгі жасыл самырсын боп қаламын.

 

Бағила Сәрсенбаева.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support