Әдебиет

Іңкәр жүрек

Іңкәр жүрек

Кеше ғана бастау алған бұлақтай, Уақыт өңін сарғайтпаған құрақтай. Күз келсе де бақтарыма жасырын, Күдер үзбей жүрмін әлі мұраттан. Әрекетсіз ғұмыр кешу-көп қайғы, Екі аяғым болмаса жол тоспайды. Күнбағыстай күнге қолым ұмтылар, Өзім жақпай отымды өзге жақпайды. Соны ұғынсам-өрге өрлер талабым, Жаз өтсе де қызғалдақ боп жанамын, Мезгілі ықпай, ұлы өмірге ынтыққан, Мәңгі жасыл самырсын боп қаламын.  

Бағила Сәрсенбаева.