Автокөлігіне салық төлемеген алматылық БАӘ-ға кете алмай қалды
Автокөлігіне салық төлемеген алматылық БАӘ-ға кете алмай қалды
Алматыда автокөлік құралдарына салынатын салық бойынша 120 мың теңге қарызы бар борышкердің Біріккен Араб Әмірлігіне шығып кетуіне жол берілмеді. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер депаратментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұған дейін, 2015 жылдың мамыр айында салық берешегін өндіріп алу туралы сот үкімі негізінде борышкердің шет елге шығуына шектеу қойылған болатын. Ал оның берешегі 120 мың теңгені құраған. Ал автокөлік иесінің мәлімдеуінше, ол көлігін сенім хат бойынша 2009 жылы сатып жіберген. Бірақ көліктің жаңа иесі оны өз атына аудармаған және салықты төлемеген. Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер депаратменті меншік құқығы негізінде салық салу нысанына ие жеке тұлға, көлік құралына салынатын салықты төлеуші болып саналады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 393 жеке тұлағаға шет елге шығуға уақытша шектеу қойылған. Олардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектері 525,8 млн. теңгені құрайды. Ал жыл басынан бері 8 648 жеке тұлға бойынша материалдар сот органдарына берілген. Олардың көлік құралдарына салық бойынша берешектері 1,4 млрд. теңгені құрайды. Солардың ішінде 6 421 тұлға бойынша берешектерді мойындау туралы шешім шығарылса, 1 822 жағдай бойынша мүлікке тыйым салынды. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаларды көлік құралдарына салынатын салықты 2015 жылдың 31-ші желтоқсанынан кешіктірмей төлеуге шақырады. Салық, салық салу объектісі тіркелген мекен жайы бойынша төленеді.