Әлеумет

Ұлттық тарихты ұлықтайтын сайт ашылды

Ұлттық тарихты ұлықтайтын сайт ашылды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астанада жаңа сайттың тұсауы кесілді. «Нұр Отан» партиясының тікелей қолдауымен дүниеге келген 1465.kz тарихи-мультимедиалық сайты 4 тілде мағлұмат береді. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдеріндегі сайт «Жылнама», «Фильмдер», «Кітаптар», «Әндер», Іс-шаралар», «Карта», «Тест», «Форум» және тағы басқа қосымша бөлімдерден тұрады. – Мұнда қазақ тарихы тақырыбында түсірілген фильмдердің Youtube сияқты ашық видео­хосттарда орналасқан онлайн нұсқалары бар. Сайтқа кірген қолданушы қалаған фильмін тікелей қарай алады. Тарихымыз туралы жазылған әдеби және ғылыми шығармалардың электронды нұсқаларына сілтемелер де баршылық. Бұл сілтемелер арқылы қолданушы кітаптарды тікелей оқи алады немесе өзінің ридерлеріне жүктеп алуына болады. Біржағынан бұл шетелдік аудиторияға да арналған. Бір ғана ағылшын тілін қамту аясы біздің төл тарихымызды насихат­таудың мүмкіндіктерін арттырады, – дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орын­баса­рының кеңесшісі Берік Уәли.

«Ақ жол-Ақпарат».