Керуен Жетісуға жетті
Керуен Жетісуға жетті
Ағымдағы жылы торқалы тойы тойланатын Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын өңірімізде сән-салтанатпен қарсы алу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Елдің елдігін, ердің ерлігін танытатын, мемлекеттігіміздің мерейін арттыратын айтулы датаға орай көршілес Қытай елінен 55 түйе, 20 шақты ат, 5 ат арба, 15 жүк көлігінен тұратын керуен шыққанын, қос ел арасындағы достық пен татулықты нығайтуға бағытталған керуеннің шекараға келіп жеткенін газетіміздің өткен санында жазған едік. Сол керуен қазіргі сәтте Алматы облысының аймағын кесіп өтіп, Алматы қаласына таяп қалды. Еңку-еңку жер шалып келе жатқан керуен мүшелері ағымдағы айдың 26 қыркүйегінде облыс шекарасына аялдап, қазан айында Тараз шаһарында өтетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысатын болады. Аспанасты елінің Сиянь қаласынан жолға шыққан керуен мүшелерімен әр-әр жердегі азаматтар қызығушылық танытып, естелік суреттерге түсуде.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».