Денсаулық

2016 жылдың қаңтарынан бастап шәкіртақы мен жәрдемақы көбейеді

2016 жылдың қаңтарынан бастап шәкіртақы мен жәрдемақы көбейеді

pogudx3uanc249im3.36066a6aҚазақстанда 2016 жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы 25 пайызға көбейеді деп хабарлады қаржы министрлігі.

Мүгедектер мен асыраушысы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру үшін бюджеттен 48,7 миллиард теңге, стипендияларды өсіруге – 16,6 миллиард теңге бөлінбекші.

Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, 2016 жылға арналған республикалық бюджет шығысы 7 триллион 318,9 миллиард теңге көлемінде жоспарланып отыр.