- Advertisement -

Сарапшы: Біз долларына 320 теңгеге дейін жетеміз

90

- Advertisement -

pogudx33ii2ot6edkg.b0483619“Атамекен” кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Денис Кривошеев доллар бағамы әлі де өсетініне сенімді. Бұл туралы «Радиоточкаға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Біз долларына 320 теңгеге дейін жетеміз. Теңгенің долларға шаққандағы психологиялық деңгейі үкімет үшін долларына 300 теңгені құрайды. Содан кейін Ұлттық банк басқыншылығын (интервенция) бастайды. Бұл алғашында бағамның төмендеуіне әкеліп соқтырады, алайда нарық оның құнын қайта долларына 320 теңге етіп көтертеді. Бұл Ресейге сауда жасауға шығатын отандастарымыздың санын азайтады», – дейді Кривошеев.

Бұған дейін маман долларға лайық баға 380 теңге екенін мәлімдеген болатын. Алайда бүгін ол бұл бағам мемлекетке айтарлықтай пайда әкелмейтінін айтуда.

«Долларына 380 теңге болуы әбден мүмкін, алайда мұның еш қажеті жоқ. Бізде тиімділікті арттыру үшін өндіруші күш жоқ. Ал импорттық тауарлар тұрғындарға қолжетімсіз болып қалса, отандық тауарлар тұрғындардың сұранысын толықтай қамтамасыз ете алмайды», – дейді кеңесші.

Нарықтың өзге маманы,  Қазақстан нарығынан кеткен HSBC Bank-тің экс-басшысы Әлихан Қанапия долларына 300 теңге ең жоғарғы шек деп санайды. Егер бұл шекке жетсек, Ұлттық банк басқыншылықпен (интервенция) бағамды 240-250 теңгеге дейін түсіреді деп санайды маман.

«Теңге бағамы алыпсатарлардың күшімен әлі де құбылуда. KASE саудаларындағы сома аралас және қандай да бір әрекет етуге жеткіліксіз. KASE-те сатып алынған $30 млн-ның өзі долларды 5-10 базистік нүктеге “көтереді”. Егер Ұлттық банк 1-2 жүз млн долларын сатып, араласатын болса, бағамды бірден төмендеттіреді. Алайда ол әзірге араласа қоймайды», – дейді бұрынғы банкир.

Еске салсақ, кешегі KASE сессиясының қорытындысы бойынша, доллар бағамы  278,54 теңгеге түскен болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support