- Advertisement -

Уақыт аз қалды

82

- Advertisement -

Елімізде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаржы мен жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы жүргізілуде. Аталмыш акция Қазақстан Республикасының «Мүлікті жария етуге байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға рақымшылық жасау туралы» 2014 жылдың 30 маусымында шыққан № 213-V Заңына негізделді. Бұл Заң 2014 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енгені барлығымызға мәлім.
Мүлікті жария ету шарасы 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұл жерде мүліктерді (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін қажетті құжаттарды тапсыру 2015 жылдың 30 қарашасына дейін жүргізіледі.
Облыс бойынша 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы барысында қабылданған өтініштердің жалпы саны – 3728. Мүлікті жария ету комиссиясымен 3356 өтінішке шешім шығарылған. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған өтініштер саны – 2795. Оның ішінде мемлекеттік тіркеуден өткені – 2781.
Бұл ретте айта кететін болсақ, мүлікті жария ету аясында қабылданған жылжымайтын мүлік нысандарының құқық белгілейтін құжаттарын алған соң Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшiн негiз болып табылатын заңдық факт басталған, оның iшiнде шартты нотариат куәландырған, сот шешiмi күшiне енген, өзге де құқық белгiлейтiн құжаттар берiлген кезден бастап алты айдан кешiктiрмей мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшпен жүгiнуге мiндеттi.
Құжаттарды жоғарыда көрсетілген мерзімнен кешіктіріп ұсынған тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 460-бабымен әкімшілік өндіріс козғалатындығын ескертеді. Осыған орай, жылжымайтын мүлік нысанының құқық белгілейтін құжаттарын заңнамамен белгіленген мерзімінен кешіктірмей, мемлекеттік тіркеуге ұсыну қажет екенін әр азаматтың назарына саламыз.

Дидар КЕНЖЕБЕКОВ,
облыстық әділет
департаментінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support