- Advertisement -

Өз отынды өшірме

175

- Advertisement -

Ұлы Абай өзінің жетінші қара сөзінде «Тәнді жанға бас ұрғыздыра алмаған пендеден хайуан артық», — деп ашына айтады. Біз осы аталы сөздің мәнін ұғына алдық па? Бүгінгі ұрпақ жанды тәнге бағындырып, көзбен көріп, көңілге тоқымай азғындап кетті ме, қалай?
Өзін-өзі өлімге итермелеп, теріс жолға түсіп, өз-өзіне қол салып өмірмен қоштасқан жастарды көріп, лажсыздан осылай дейсің. Әй, азамат, тіпті жер бетіндегі кез-келген мақұлыққа көз тастасаң, әрқайсысы тіршілікке бейімделу, қорғану қасиетіне ие емес пе? Құс қанатымен, жыртқыш тырнағымен, жануар тұяғымен өзіне берілген өмірін сақтап қалу үшін қасық қаны қалғанша қорғанып бағады. Ал Алла тарапынан едәуір қолдауға ие, ақыл мен сөйлеу нығметіне бөленген, жер бетінің ардақты жаратылысы адам баласы осы баға жетпес құндылығын бағалай біле ме?
Деректерге сүйенсек, жер бетінде 40 секундта бір адам өз өміріне қол салады екен. Сонда адамның таң атқаннан, кеш батқанға дейін ызың-ызың етіп, тіршілік үшін күрескен шыбын құрлы жігерінің болмағаны ма? Алдынан кездескен уақытша ауыртпашылықтардан қашып, өмірін қию арқылы ауыр күнәға тап болғанын білер ме екен?! Себебі өз-өзіне қол жұмсау – Жаратушыға серік қосқаннан кейінгі екінші ауыр күнә.
Бұл өмір фортепиано секілді, ақ пен қара шертпені бірге тартпасаң, композиция жөнді орындалмайды. Бар қиындықтың бітер күні бар. Жаңбырдан кейін жарқырап күн шығатыны сияқты әрбір ауыртпашылықтан кейін бір жақсылық келеді. Сондықтан да әсіресе, жастар рухани баюды ұмытпай, өмірдің кез-келген тосын сынақтарына төзе білуді өз кредоларына айналдыруды басты мақсат етсе нұр үстіне нұр болар еді. Өмірің өз қолыңда, замандас!

Мұхтар Жәмішжанов,
студент.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support