- Advertisement -

Тәні саудың, жаны сау

104

- Advertisement -

Темір жол бекеті бойындағы орталық алаңға орын тепкен қалалық емханаға ат басын бұрушылар көп-ақ. Дертіне ем, дауа іздеген халық осында қайырылып, ақ желеңді абзал жандардың көмегіне жиі жүгініп жатады.
Кешенді құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін емхана ғимаратының іші бұрнағыдан да әдемілене түскендей. Бұл да болса сырқат жандардың жайсыздық пен көңілсіздіктен арылуына сеп. Олар мекеме табалдырығын аттап кіргеннен-ақ сырқатты екендіктерін де ұмытып, өздерін сергек те қунақы сезінеді. Келушілерді тіркеу бөлімінде Алла Хан, Гүлшат Адашева секілді емшібикелердің оларды жайдары қарсы алып, қажетті құжаттарын реттеп беріп жатқанын көресіз. Мұнда емделушілерге қызмет көрсетудегі мәдениеттіліктің өзіндік үлгісі қалыптасқан десе де болады. Тиісінше емшаралар қабылдап, өз отбасыларына, еңбек ұжымдарына сырқатынан сауығып, сақайып оралған азаматтардың білікті дәрігерлерге деген айтар алғыстары да шексіз.
Бір айта кетерлігі, емхананың балалар мен ересектерге арналған емдеу бөлмелері қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жеткілікті жарақтандырылған. Емхана дәрігерлері қазіргі заманғы озық емдеу тәсілдерін де жетік меңгерген. Қалауынша одан әрі де мұқият тексерілуден өтіп, емделгісі келетіндердің облыстық, республикалық емдеу-сауықтыру мекемелеріне еш кедергісіз жолдама алуларына да мүмкіндіктері бар.
Бір сөзбен айтқанда, мұнда емделу­ші­лерге барлық қолайлы жағдай жасалған.
– Емхана ішіндегі 12 төсектік ересек­терге, 5 төсектік балаларға арнал­ған күндізгі емдеу стационарында терапевт, невропотолог, эндокринолог маман­дардың нұсқау қағаздары бойынша күндіз де, түнде де дәрігер бақы­лауын қажет ететін сырқаттар ем қабылдайды. Емделу­шілер республикалық бюджет­тен қаржылан­дырылатын тізбеге сай дәрі-дәрмек­термен де тегін қамтамасыз етіледі, – дейді дәрігер-терапевт Эльвира Бейсетбаева.
Емхана ұжымы дәрігер Меруерт Шоқабаева, емшібикелер Гүлжанат Наршаева, Қымбат Оңғарова, Балжан Әлімқожаева, Бақыт Ысқақова секілді ақ желеңді абзал жандарды орынды мақтаныш етеді.

Ләззат ОРАЗБАЕВА,
журналист.

Шу қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support