Тараздағы «триллер»
Тараздағы «триллер»
Немесе «Милан»:«Ливерпуль» кездесуінің қазақстандық нұсқасы Футболдан Қазақстан премьер-лигасының аясында өткен кезекті турда «Тараз» қарсыласымен ұпай бөлісті. Бұл жолы Тараз төріне көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы келген еді. Бұл ойын шытырман оқиғалы киноға ұқсап кетті. Ең бастысы «Тараз» футбол клубы 3:0 есебімен жеңіп тұрып, өз қақпасына 3 гол жіберіп алды. Әлішер Сүлей, Тимур Досмағамбетов, Санат Жұмахановтар мергендігімен танылған соң айналасы он сегіз минуттың ішінде «Тараздың» қорғаныс шебі сетінеп, көңілімізді су сепкендей басты. Бір сөзбен айтқанда, «Тараз»:«Оқжетпес» кездесуі есімізге чемпиондар лигасының 2005 жылғы финалын қайта түсірді. Аталмыш матчта «Милан» үш доп айырмасымен жеңіп тұрып, негізгі уақытты 3:3 есебімен аяқтап, кездесу соңынан кейінгі он бір метрлік айып соққысы бойынша қарсыласына жол берген. Бұл күні біз аталған ойын кубоктық мәнге ие емес екеніне қуандық. Әйтпесе, «Тараз» кездесу аяқталған соң «Миланның» «ерлігін» қайталар ма еді, кім білсін... 25 турдың өзге нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз. «Ордабасы»:«Астана» 2:3, «Ертіс»:«Ақтөбе» 1:0, «Атырау»:«Қайрат» 1:2, «Шахтер»:«Жетісу» 3:1, «Қайсар»:«Тобыл» 1:2.