- Advertisement -

Алматыда балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел қамауға алынды

104

- Advertisement -

pogudx26auss7lihe.fcf29cfa33 жастағы Алматы тұрғыны Жадыра Көкенай екі кәмелетке толмаған баласын 5 қабаттан лақтырып жібергені үшін қамауға алынды деп мәлімдеді Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі басшысы Қуандық Ешмет.

«Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотына 1982 жылы туылған Құлмамырова Жадыраға қатысты қылмыстық істің материалдары келіп түсті. Күдікті 24 бап – “Қылмыс жасауға қамдану және қылмыс жасау әрекеті” мен 99 бап – “Адам өлтіру” бойынша айыпталуда», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 5 қыркүйекте өз пәтерінде болған күдікті өзінің кәмелетке толмаған балаларын қасақана өлтіру ниетімен және кейін өзіне қол салу ойымен 2007, 2014 жылғы екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберіп, артынша өзі секірген.

«Биіктіктен құлау салдарынан, 2007 жылғы Көкенай А. оқиға орнында көз жұмды. Ал 2014 жылғы Көкенай Х. мен күдікті Құлмамырова Ж. ауыр жарақаттармен емханаға жеткізілді. 12 қыркүйекте аудандық сот күдіктіні тексеру барысында, оны 2 айға қамауға алу шешімін шығарды», – делінген сот хабарламасында. Шешім заңды күшіне енген.

Еске салсақ, 5 қыркүйекте Алматыда әйел 5 қабаттан екі баласын лақтырып, артынша өзі де секірген болатын. Психолог маман әйелдің психологиялық сырқатқа шалдыққан болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support