Қазақстанда доллар бағамы рекордтық 269 теңгеге жетті
Қазақстанда доллар бағамы рекордтық 269 теңгеге жетті
Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша 2015 жылдың 11 қыркүйегі күні доллар курсы 269 теңгені құрады.
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда сессиясы аяқталды деп жазады NUR.KZ.
Спот-нарықта АҚШ доллары үшін соңғы келісім 267,00 теңгеге жасалды. Сессия жабылатын кездесң АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 264,00/269,00 теңгеге жетті.
Kurs.kz мәліметі бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындары америкалық валютаны сатуды тоқтатқан.