Демалыс күндері ауа райы қандай болады

59

photo_20543Алдағы демалыста республиканың басым аумағында күн суытады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері республикамыздың басым аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа дейін төмендейді.

«Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батысынан ауысқан суық атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарына жаңбыр, кей жерлеріне нөсер алып келді. Олардың республика аумағы арқылы шығысқа ауысуына байланысты, жаңбыр солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында күтіліп отыр. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нөсер болуы мүмкін. 30 градустық ыстықтан кейін жақын арадағы тәулікте солтүстікте және орталықта, жексенбі күні шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасының 10-15 градусқа дейін төмендеуі күтіледі», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, батыстағы облыстарда күн суытқаннан кейін және алдағы тәуліктерде жаңбыр жауғаннан кейін ауа райы жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы көтеріледі деген болжам бар.

Comments are closed.