Денсаулық

Айымбетовті жерде ұлы мен Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алады

Айымбетовті жерде ұлы мен Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алады

pogudx21l077u41cv.862cda17Құрамында жерлесіміз Айдын Айымбетов, ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка мен дат астронавты Андреас Могенсен бар «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің халықаралық экипажын Астанада Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алуы мүмкін деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазғарыш тарапынан хабарлама келіп түсті, оған сәйкес Қазақстанның бірінші тұлғасы – президент экипажды өзі қарсы алуға ниет білдірген, осыған сәйкес қосымша міндеттер қойылып, екі сағат он минут қосымша уақыт бөлінді – қону орнынан Астанаға дейін жеткізу үшін. Осы бағытта ғана өзгерістер енгізіліп отыр, әдетте біз экипажды Қарағандыда қарсы алатын едік, онда экипажды қарсы алуға қатысты шағын іс-шара ұйымдастырылып, дәрігерлер олардың хал-ахуалын тексеріп, экипаждың брифингке қатысу-қатыспау жағдайын бағалайтын болады. Егер оған мұршалары келсе, шағын брифинг өткізіледі де, сол жерден экипаж мүшелері өз базаларына аттанады», – деп хабарлады журналистерге берген сұхбатында Ресей Әуе көліктері федералдық агенттігі басшысының орынбасары Александр Ведерников.

Ол сондай-ақ экипажды Астанада қарсы алу ғарышкерлер тарихында екінші рет орын алғалы отырғанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовті қонған жерінен туған-туыстары, 17 жастағы ұлы Әмір мен бауыры қарсы алатынын атап өтті.

«Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің жерге қонуы Жезқазғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым жерде 2015 жылы 12 қыркүйекте сағат 6.51-ге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Айдын Айымбетов ғарышқа 2 қыркүйекте СОЮЗ ТМА 18М зымыранымен аттанды. Айымбетов экология, физика және медицина саласында бірқатар ғылыми сынақ жүргізетін болады.

Жерлесіміз отандық ғылым саласы үшін онға жуық сынақ өткізеді деп көзделген. Оның қатарында Арал және Каспий теңіздерінің жай-жапсарын бақылау, шаңды дауылдардың қозғалысын назарда ұстау және мұнаймен ластану деңгейін бағалау міндеті бар.

Оған қоса радиацияның адам миына әсерін және ғарышкерлердің борттағы қарым-қатынасының психологиялық жағдайын сынға алмақ.