Доллардың Қазақстандағы құны жаңа рекордтық деңгейге жетті
Доллардың Қазақстандағы құны жаңа рекордтық деңгейге жетті
Қазақстан тарихында алғаш рет америкалық доллардың бағамы 255,38 теңгеге дейін жетті. Қазақстандық валютаның жаңа антирекорды Қазақстан қор биржасының кешкілік саудасынан кейін орнатылды деп хабарлайды Nur.kz тілшісі.
Бұған дейінгі құлдырау шегі 20 тамызда, Ұлттық банк теңге бағамын еркімен жіберген кезде болған. Ол кезде доллар 255,26 теңгеге жеткен еді.
Жеке айырбас нүктелерінде доллар 261 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу бағасы болса 257,5-259 теңге аралықтарында қойлыған.